2 «Елім-ай» көркем фильмі елорда көрермендерінің жоғары бағасын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
2
«Елім-ай» көркем фильмі елорда көрермендерінің жоғары бағасын алды

2 «Елім-ай» көркем фильмі елорда көрермендерінің жоғары бағасын алды

«Елім-ай» көркем фильмі елорданың зиялы қауымының жоғары бағасын алды.

  • 24 Маусым 2011
  • 701
Фото - Caravan.kz

Кеше «Сарыарқа» сауда орталығының «Кинопарк» залында «Қазақстан» ұлттық арнасы шығарған кино өнеріндегі осы бір үздік туындысының таныстырылымы болды.

Көрермендер алдында «Қазақстан» телерадио корпорациясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Жанай Омаров сөз сөйлеп: «2008 жылдың соңында болған кездесуде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Елдігімізді асқақтататын, елордамызды әспеттейтін бір тарихи фильм түсіру керек, соны қолға алмайсыз ба?» деген еді. Содан осы іске белсене кірісіп, екі жылғы еңбектің жемісін сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз»,- деді.

Кино түсірушілер Елбасының тапсырмасымен түсірілген фильмде төрт ұрпақ арқылы егемен елімізде болып жатқан жаңалықты көрсетуді мақсат тұтқанын айтты. Халықтың рухани байлығын ашып көрсетуге тырысқан.

Көркем фильмнің сценарийін жазған «Қазақстан» ұлттық арнасының жеткшісі Жанай Омаров. Қоюшы режиссері Аманжол Айтуаров. Фильм режиссері Бақыт Сүлейменова. Басты рөлді сомдаған әйгілі актер, әнші Асылболат Ысмағұлов.

Қоюшы режиссері Аманжол Айтуаров фильмді бір жарым жылдай түсіріп, монтаж жасап, дыбысталуын келтіріп, жақында бітіргенін, бірінші рет Астана жұртшылығына ұсынып отырғанын мәлім етті. Туындының ойдағыдай шығуына Жанай Сейтжанұлының көп еңбек сіңіргенін айтып өтті.

Таныстырылымда кинотеатрларға лайықталып жасалған нұсқасы көрсетілді, ол екі сериядан тұрады. Ал телеарна көрермендерінің назарына төрт сериялы фильм ұсынылатыны хабарланды.

Осы «Елім-ай» көркем фильмін тамашалаған Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов өз пікірін білдіріп, ұлттық бояуы келіскен туынды екенін айтты. «Халқымыздың асыл қасиеттерін көрсетуде «Қазақстан» ұлттық арнасы үлгі көрсетіп отыр»,- деді депутат.

Соңғы жаңалықтар