"Абайдай ұлы атанған" Балтабек Нұрғалиев 999 миллион тұратын кітабын жарыққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абайдай ұлы атанған" Балтабек Нұрғалиев 999 миллион тұратын кітабын жарыққа шығарды

"Абайдай ұлы атанған" Балтабек Нұрғалиев 999 миллион тұратын кітабын жарыққа шығарды

Жоғары лауазымды адамдарға өлең арнап, кейін өзін Абайдан да ұлы екенін мәлімдеген Балтабек Нұрғалиев 999 миллион теңге тұратын кітабын жарыққа шығарды.

  • 25 Қараша 2019
  • 435
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Сүйінші, достар! "Жарық күннің жүрегі" атты өлеңдер кітабым қолға тиді! 7 дана ғана кітап қалды. Құны 999 999 999 теңге. Себебі? Себебі мен Абайдай ұлы атанған ақынмын. Абай "сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық" деген. Менің артықтығымды Абай да айтып отыр. 

Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев", — деп жазды ол.

Балтабек Нұрғалиев туралы не білеміз?

Балтабек Нұрғалиев — 1990 жылы 16 маусым күні Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында өмірге келген. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі. Мамандығы — режиссер.

Ақын. "Поэзия" номинациясы бойынша Халықаралық "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалі Гран При иегері.

 

Соңғы жаңалықтар