Абайдың «Қара сөздері» моңғол тілінде басылып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абайдың «Қара сөздері» моңғол тілінде басылып шықты

Абайдың «Қара сөздері» моңғол тілінде басылып шықты

Моңғолиядағы ҚР Елшілігі Моңғол ғылым академиясымен бірлесіп, ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай моңғол тіліндегі «Қара сөздерін» таныстырды.

  • 12 Қараша 2015
  • 564
Фото - Caravan.kz

Шараға Моңғолияның қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ғылыми орта және бұқаралық баспасөз құралдары өкілдері қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде ҚР-ның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қалыбек Қобыландин Аба   йдың «Қара сөздеріндегі» философиялық ойлар мен пікірлердің өзектілігін атап көрсетті. Қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы Моңғол ғылым академиясының басшылығына таныстырылымды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдескені үшін алғыс айтты, әсіресе ғалым-аудармашы, профессор, Моңғолияның еңбек сіңірген дәрігері Маналжавын Шагдарсурэннің еңбегін және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.  

Өз кезегінде Моңғолия ғылым академиясының вице-президенті Тувдийн Дорж Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеуге бүгінгі күнге дейін баға жеткісіз үлес қосып отырған Абай кітабының моңғол тілінде жарық көруі моңғол жұртшылығының ұлы қазақ ақынының шығармаларымен жақынырақ танысуына мүмкіндік беретініне сенімін білдірді.

Шарада сондай-ақ Моңғолияның көрнекті қоғам қайраткерлері, академик, тарих ғылымдарының докторы Ислам Қабышұлы, профессор Асай Рамиш, жазушы және дипломат Сұлтан Тәукей және басқалары сөйледі.


Қонақтар назарына жергілікті «Үндесний Шуудан» газетінде моңғол тілінде жарияланған Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мақала, сондай-ақ Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық салалардағы жетістіктері туралы басқа да материалдар ұсынылды. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар