Айгүл Иманбаева үйлену тойын Лос-Анджелесте өткізетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Иманбаева үйлену тойын Лос-Анджелесте өткізетін болды

Айгүл Иманбаева үйлену тойын Лос-Анджелесте өткізетін болды

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында желі қолданушылары тарапынан қойылған бірнеше сауалға жауап берді

  • 1 Қараша
  • 88
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Ол қазіргі уақытта үйлену тойына дайындалып жүргенін айтты.

«Той бұйыртса 2025 жылы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді ол.

Оқырмандары тарапынан «Аяғыңыз ауыр ма?» деген сұраққа да жауап бері өтті.

«Маған «Аяғың ауыр ма?» деген сұрақтар көптеп келіп жатыр. Босанғанша сіздерге айтпай-ақ қояйын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын», — деді актриса.

Айгүл Иманбаева өз сөзінде келер жылы ұлы Асылжанның да үйлену тойын жасауды жоспарлап отырғанын айтты.