Айкерім Қалаубаева - "Өзің ғана" әнінің сөзі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айкерім Қалаубаева - "Өзің ғана" әнінің сөзі

Айкерім Қалаубаева - "Өзің ғана" әнінің сөзі

Бойында сұлулық пен нәзіктік үйлесім тапқан, қазақ эстрадасының сұлу қуыршағына айналған Айкерім Қалаубаева 2020 жылы жеке шығармашылығына ден қойып, білек сыбана кіріскенінің дәлелі бірінің артынан бірі шығып жатқан бейнебаяндары.

  • 10 Наурыз 2020
  • 2889
Фото - Caravan.kz

Жақында "Өзің ғана" атты тағы бір су жаңа бейнебаянның тұсауын кескен Айкерім жанкүйерлерін еселеп қуантты.

 

"Өзің ғана"

Әні: Жолдасбек Әбдіханова

Сөзі: Мұқағали Кенжетай

 

1) Қарасаң маған күліп,

Қаламын саған жылып.

Мені шын ғашық етті,

Сендегі табандылық.

Келген бақ сыйлау үшін,

Тағдырдың сый бағысың,

Сен менің жүрегімнің,

Мәңгілік мейманысың.
 

Қайырмасы:

Мен үшін сен, сен сенің көзің әдемі,

Ішінде мен, мен менің бейнем бар еді.

Кеудемді сен, сен мекен еткен жан едің,

Өзің ғана.

Мен үшін сен, сен сенің күлкің әдемі,

Себебі ол, ол жүрегімнің бар емі.

Мен үшін шын, шын махаббатың әлемі,

Өзің ғана.

 


2) Бейнесін әр күнімнің,

Сен ғана мәнді қылдың.

Айналды сыңарына-ай,

Тағдырым тағдырыңның.

Бақытты өмір үшін,

Маған шын көңіл ұсын.

Себебі жаралғанбыз,

Біз бірге болу үшін.

Қайырмасы:

Мен үшін сен, сен сенің көзің әдемі,

Ішінде мен, мен менің бейнем бар еді.

Кеудемді сен, сен мекен еткен жан едің,

Өзің ғана.

Мен үшін сен, сен сенің күлкің әдемі,

Себебі ол, ол жүрегімнің бар емі.

Мен үшін шын, шын махаббатың әлемі,

Өзің ғана.

 

 

Соңғы жаңалықтар