Айсұлу Иманбекованың «Бозжайнақ» деп аталатын кітабы жарық көрді
Алматыда «Ерке-Нұр» - Шарапат» қоғамдық қорының демеушілігімен тележурналист Айсұлу Иманбекованың «Бозжайнақ» деген кітабы жарық көрді. |
Оған автордың бұрын жарияланбаған әңгімелері мен көсемсөздері, баспасөз бетінде жарық көрген сұхбаттары, әзіл-сықақтар, сонымен қатар ағайын-туыс, құрбы-құрдас, әріптестерінің естелік, эсселері енгізілген. Жинақтың тұсаукесер рәсімі 11 маусым күні өтеді деп жоспарлануда.
Айсұлу Иманбекова Қазақ теледидарында, сатиралық «Ара» журналында еңбек етті. 2006 жылы «Ерке-Нұр» сән театрының атқарушы директоры болып тағайындалды. Ал 2007 жылы қыз-келіншектерге арналған «Ерке-Нұр» сән журналының шығуына мұрындық болып, редактордың орынбасары ретінде басылымның көркеюіне зор үлес қосты.
Айсұлу Иманбекова 2010 жылы 25 тамызда жол- көлік апатында опат болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін