Айсұлу Иманбекованың «Бозжайнақ» деп аталатын кітабы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айсұлу Иманбекованың «Бозжайнақ» деп аталатын кітабы жарық көрді

Айсұлу Иманбекованың «Бозжайнақ» деп аталатын кітабы жарық көрді

Алматыда «Ерке-Нұр» - Шарапат» қоғамдық қорының демеушілігімен тележурналист Айсұлу Иманбекованың «Бозжайнақ» деген кітабы жарық көрді.

  • 7 Маусым 2011
  • 579
Фото - Caravan.kz

Оған автордың бұрын жарияланбаған әңгімелері мен көсемсөздері, баспасөз бетінде жарық көрген сұхбаттары, әзіл-сықақтар, сонымен қатар ағайын-туыс, құрбы-құрдас, әріптестерінің естелік, эсселері енгізілген. Жинақтың тұсаукесер рәсімі 11 маусым күні өтеді деп жоспарлануда.

Айсұлу Иманбекова Қазақ теледидарында, сатиралық «Ара» журналында еңбек етті. 2006 жылы «Ерке-Нұр» сән театрының атқарушы директоры болып тағайындалды. Ал 2007 жылы қыз-келіншектерге арналған «Ерке-Нұр» сән журналының шығуына мұрындық болып, редактордың орынбасары ретінде басылымның көркеюіне зор үлес қосты.

Айсұлу Иманбекова 2010 жылы 25 тамызда жол- көлік апатында опат болды.

Соңғы жаңалықтар