Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көлік апатынан аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көлік апатынан аман қалды

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көлік апатынан аман қалды

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көлік апатынан аман қалды. Бұл туралы ақын өзінің Инстаграммдағы парақшасында хабарлады.

  • 2 Қараша 2015
  • 626
Фото - Caravan.kz


«Кеше түнде Қарағанды трассасында қатты тайғақтан көлігіміз 6-7 рет шыр көбелек айналып, биік трассадан секіріп кетті. Машинада кішкентай 3 бала болған… Санаулы секундтар ішінде бүкіл өмірім көз алдымнан өте шықты деуге болады.  Кәлима айтып өлгендер жәннатқа барады дегенді естіп, өліп бара жатсақ айта саламыз деп ойлаймыз ғой… Көлік трассадан ұшып бара жатқанда күніне 1000 рет айтып жүрген кәлима миымнан тарс шығып кетті. «Лә иллаха»-ны айтам, ар жағы есімде жоқ. Үш баланың періштесі қақты ма, азын-аулақ садақамыз қабыл болды ма, әйтеуір ешкімге ештеңе болған жоқ», — деп жазды А. Тұрсынбаева. 

Соңғы жаңалықтар