Айтыскер ақын Сырым Әуезхан екі айлығында тастап кеткен әкесі туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айтыскер ақын Сырым Әуезхан екі айлығында тастап кеткен әкесі туралы айтты

Айтыскер ақын Сырым Әуезхан екі айлығында тастап кеткен әкесі туралы айтты

Белгілі айтыскер Сырым Әуезхан екі айлығында тастап кеткендігіне қарамастан әкесімен әлі күнге байланысын үзбегендігі туралы айтты.

  • 9 Қаңтар 2023
  • 1040
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында әңгімелеп берген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ақын анасына алғысын жеткізе келе, әкесімен де байланысын үзбегенін, ол — ер азаматтық борышы екендігін айтып отыр.

"Сол кездегі белгілі жағдайларға байланысты менің толықтай өсіп-жетілуіме атсалыса алған жоқ. Мені анам тәрбиелеп шығарды. Әкеммен де қарым-қатынасым жақсы. Немерелерін көрсетіп, қазір де барып, байланысып тұрамыз. Екі айлығымнан бастап әкеммен бөлек тұрамыз. Бірақ жиі Қостанайға барып, әкеммен байланысып тұрдым. Ер азамат болғаннан кейін әкенің алдындағы парызымыз, борышымыз бар. Қостанайдағы туыстармен байланысты үзбеуге тырысамыз. Ол кісіні қуантуға, қызмет қылуға, жақсылық жасауға тырысамыз. 

Анама Алла разы болсын! Әкемді ешқашан маған нашар адам етіп көрсеткен, жек көргізуге тырысқан жоқ. Ол анамның ерлігі, азаматтығы десе де болады. Өмір болғаннан кейін адамдардың ойламағаны болып жатады. Екі жаққа кетіп жатады, ол заңды нәрсе, әлбетте жақсы нәрсе емес. Ол әрине анамның немесе әкемнің, я болмаса айналасындағы адамдардың кінәсі емес. Ол сол кезде қалыптасып келе жатқан тұтас қоғамның хал-ахуалы десе болады. ", — деді айтыскер. 


Сондай-ақ, әкесі анасынан ажырасқаннан соң отбасын құрып, екі балалы болғандығы жайлы айтты. "Үш ағайындымыз", — дейді Сырым Әуезхан.

Соңғы жаңалықтар