“Тастаймын-ау сені” ,- деп аталатын кинокартина 16-мамыр қалың көрерменге жол тартпақ. Бұл фильмнің саундтрегін продюсердің өзі орындап шықты. Әнші, актер Олжас Абаймен шыққан “Кешірім сұрамаймын” әні инстаграм желісінде 1 сағатта 100.000-нан аса қаралым мен 500-ден аса пікір жинап үлгерді.
Продюсердің парақшасында желі оқырмандары:
“Айсара бұл әнге жан бітірдің-ау, жүрегім сыздап отыр”, “Бұрын бұл әнді Олжас басқа әншімен орындар еді, бірақ Дариғамен дуэті сәтті шығыпты, сөзсіз хит”, “Хитті хит деу де жақсы қасиет”, “Дариға сен әлі біраз дүние жасайсың”, ”Ән керемет шығыпты”, “Дариға айтқан соң бұл ән космосқа ұшады ғой, алдынғы әндері де солай болған жоқ па?”, Жарайсыздар”, “Фильмді асыға күтемін, ерекше жанр болайын деп тұр”, “рэпті айырыпты Айсара базар жоқ”, — деп жарыса жазуда.
Былтыр Қазақстан бойынша рекорд жаңартқан Бадыкова ханымның “Таптым-ау сені” фильмінің рекордтын “Тастаймын-ау сені” фильмі жаңартады деген жұрттың болжамы бар.
16-Мамырдан бастап барлық кинотеатрдан бұл киноны тамашалай аласыздар!