Жарияланды: 890

"Әкем бір көзі соқыр болса да ұл берші деген": Серікбол Сайлаубек көзінің кемістігі туралы шындықты айтты

"Әкем бір көзі соқыр болса да ұл берші деген": Серікбол Сайлаубек көзінің кемістігі туралы шындықты айтты

Белгілі әнші Серікбол Сайлаубек көзінің не себепті көрмей қалғанын, не үшін көзілдірікті тастамай тағатынын айтты.

Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында ағынан жарылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Анам 4 қыз дүниеге әкелген. Енді әкеме ұл керек қой. Сонда дастархан басында отырып «бір көзі соқыр болса да ұл берші деп» тілеген екен. Содан мен келдім бір көзім көрмейді. Сондықтан айтам ғой дұрыс сөйлеу керек, дұрыс тілек тілегені абзал» деді әнші.

«Қу әке-ай, қайтсін енді. Алла бір көзін сокыр жасап туғызса да Серікбол халыққа танымал, әнімен жүрегін жаулаған әнші болды ғой. Көзінің кемістігі білінбейт те, «Екі көзі бар сокырлар жүр түк тындырмай, ең бастысы аман болыңыз», «Дұрыс айтады, Жақсы сөз сөйлеу керек», «Біреудің кемшілігіне соншама қадалып не болды? Сауатты, мәдениетті сөйлей білетін журналист те қалмаған ба?», деп пікір қалдырды оқырмандар.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін