Жарияланды: 780

Алдағы уақытта Димаш Құдайберген «Америка дауысына» қатысады

Алдағы уақытта Димаш Құдайберген «Америка дауысына» қатысады

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның айтуынша, әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы xалықаралық конкурстан кейін «Евровидениеге» қатысады.

Содан кейін Америкадағы ән байқауында өз бағын сынап көрмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің екінші курс студентіміз - Димаш Құдайбергеннің Қытайда ел намысын қорғап жүргенін бәріміз жақсы білеміз. Бұған дейін ол «Жас қанатта», одан кейін «Славян базарында» жеңімпаз атанған. Қазір Қытайдағы xалықаралық байқауға қатысып жатыр. Енді, біз оны «Евровидениеге» дайындап жатырмыз. Сосын ол «Америка дауысына» қатысады. Бүгін оны Лос-Анджелес қаласындағы мюзикл-шоуға шақыру алды», - деді Мұсақожаева бүгін Астанада өткен жиында.

Айта кетейік, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы «I am singer» атты xалықаралық байқауға қатысып жатыр. Бірінші кезеңде ол француз тіліндегі әнді орындап, қытайлық тыңдарманды таңқалдырды. Соңғы сында үшінші орыннан көрінсе де, жалпы ұпай саны жағынан бірінші болып келеді. Димаш келесі әнін қытай тілінде орындайтынын мәлімдеген.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін