Әлемдік доданың бірінші кезеңін жеңген Димаш қытайлықтарды таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік доданың бірінші кезеңін жеңген Димаш қытайлықтарды таңғалдырды

Әлемдік доданың бірінші кезеңін жеңген Димаш қытайлықтарды таңғалдырды

22 жастағы әнші SOS d’un terrien en détresse композициясын француз тілінде орындап, күллі тыңдарманды ерекше дауысымен тәнті еткен. Тіпті желіде Димашқа тамсанған қытайлықтар туралы түрлі әзіл суреттер де пайда болуда.

Ал желіде әншінің ата-анасының парақшасы байқауда жеңімпаз атанғаны туралы толығырақ баяндады.

“Сүйінші, ағайын! Қытайда өтіп жатқан “Мен әншімін!” атты байқаудың бірінші сайысында ?

  • 23 Қаңтар 2017
  • 1193
Фото - Caravan.kz

Ал желіде әншінің ата-анасының парақшасы байқауда жеңімпаз атанғаны туралы толығырақ баяндады.

“Сүйінші, ағайын! Қытайда өтіп жатқан “Мен әншімін!” атты байқаудың бірінші сайысында ұлдарыңыз Димаш Құдайберген жеңіске жетті!!! Сахнаға бір қазақ шығып мыңдаған өзге ұлт өкілдері қол шапалақтап, орындарынан тұрғанда еріксіз көзге жас алдым! Түсінген адамға бұл бір Димаштың емес, бар қазақтың жеңісі! Қазақтың қалай əн айтатынын жарты əлем көрді бүгін! миллиаррдтаған халыққа бүгін Димаш аты, Димаш арқылы Қазақ аты танылды! “Хасакіді шібән” – Қазақтың қанаты деп таныстырды байқауда! Бұл байқауда жеңу бір бөлек, қатысу мүмкіндігіне ие болудың өзі бір үлкен қиын жұмыс! Бəрі артта! Алда келесі сын!!! Ал, Бүгін біздің ауылда той! Жеңісті тойла, Қазақстан!!! Тілектес ағайын, үлкен рахмет!” – деп жазды ата-анасы Қанат Света Айтбаевтар. 


Әншіге өз кезегінде отандық эстрада жұлдыздары да жанкүйер болды. 

Әсіресе, Сәкен Майғазиев жиі-жиі Димаштың ән айтқан видеоларын желіге салып отырды.

I Am a Singer жобасы танымал корейлік реалити-шоудың қытайлық нұсқасы болып табылады. Жеңімпаз әр кезең сайын дауыс беру қорытындысы бойынша анықталып отырады.

Димаш бұған дейін 2015 жылы Витебскте өткен “Славян базары” байқауының Гран-при иегері атанды.

Осыған дейін Димаштың Қытайда әлем мойындаған әншілер сайысына қатысып жатқанын жариялаған едік. Қытайлықтар қазақстандық әншіге “Тәңір өзі назарына алған әнші” деп баға берген.

Соңғы жаңалықтар