«All Давай» тобының әншісі өнеріне табынушы қыздың арманын орындады
![]() |
«All Давай» тобының мүшесі әрі бизнесмен Шоқан Маратұлы өнеріне табынушы қыздың арманын орындады. |

Instagram-дағы өнеріне табынушылардың аты мен бейнесі әртістің есінде жүреді екен. Шоқанға Жұлдыз туралы хат келгенде ол: «Мен оны білемін, алайда ауыратынын байқамаппын», - деді.
«All Давай» шығармашылығын ұнататын қыз сырқат салдарынан арбамен қозғалатынын білген әнші қынжылды. Ол Жұлдызбен оның туған күнінде кездесті. Мереке ұйымдастырылған дәмханада тілектер айтып, кейін достар «All Давай» әніне билеп флеш-моб ұйымдастырды. Кейін «Жаным» композициясына үн қосып Шоқан шықты.
Тосын сыйдың қызға берген әсерін байқағандар көз жасын жасыра алмады. Әнші қызға шарлар мен гүл шоғын сыйлады. Сондай-ақ туған күн иесімен бірнеше сағат болды. Қоштасарда қыздың барлық армандарының, алдыңғы кезекте дерттен айығуын тіледі, деп жазады comode.kz.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін