«All Давай» тобының әншісі өнеріне табынушы қыздың арманын орындады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«All Давай» тобының әншісі өнеріне табынушы қыздың арманын орындады

«All Давай» тобының әншісі өнеріне табынушы қыздың арманын орындады

«All Давай» тобының мүшесі әрі бизнесмен Шоқан Маратұлы өнеріне табынушы қыздың арманын орындады.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 816
Фото - Caravan.kz

Instagram-дағы өнеріне табынушылардың аты мен бейнесі әртістің есінде жүреді екен. Шоқанға Жұлдыз туралы хат келгенде ол: «Мен оны білемін, алайда ауыратынын байқамаппын», — деді.

«All Давай» шығармашылығын ұнататын қыз сырқат салдарынан арбамен қозғалатынын білген әнші қынжылды. Ол Жұлдызбен оның туған күнінде кездесті.  Мереке ұйымдастырылған дәмханада тілектер айтып, кейін достар «All Давай» әніне билеп флеш-моб ұйымдастырды. Кейін «Жаным» композициясына үн қосып Шоқан шықты.

Тосын сыйдың қызға берген әсерін байқағандар көз жасын жасыра алмады. Әнші қызға шарлар мен гүл шоғын сыйлады.  Сондай-ақ туған күн иесімен бірнеше сағат болды. Қоштасарда қыздың барлық армандарының, алдыңғы кезекте дерттен айығуын тіледі, деп жазады
comode.kz.

Соңғы жаңалықтар