"Алла сабыр берсін": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов салып берген төрт қабатты зәулім үйдің астан-кестенін шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алла сабыр берсін": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов салып берген төрт қабатты зәулім үйдің астан-кестенін шығарды

"Алла сабыр берсін": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов салып берген төрт қабатты зәулім үйдің астан-кестенін шығарды

Әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтан қалған үйінің қазіргі күйін көрсетті.

  • 12 Маусым
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz-ке сілтеме жасаған Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, екі жыл сайын әктеп тұрғанымен, биыл төбеден су кетіп, құбырлары шіріп кеткен. 

“Үйім күшті болып көрінетін өзіме, сөйтсем бәрі шіріп кетіпті. Беті ғана жылтырып тұр екен. Екінші қабаттағы дәретханадан су кетіп, төбеге жайылған. Алла сабыр берсін. Жігіттер бәрін талқандап тастапты. Зәкең салдырған ғой, астыңғы қабат сауна, кір жуатын бөлме, трубалар толған бір бөлме, спорт бөлмесі, төртінші қабатта менің студиям бар. Туысқан көп келетін болғандықтан, бұл үйде отырғаным дұрыс. Екі жылда бір рет әктеп алатын едім, осы жолы бәрін жаңалайын деп отырмын. Құрылыс біткенше ұйқы жоқ қой. Қыркүйектің ортасына қарай бітіреміз деп уәдесін берді. Сосын сыртын жасайды”, – деп айтты халық әртісі.