Жарияланды: 630

Алмас Кішкенбаев арықтап сахнаға қайта оралды

Алмас Кішкенбаев арықтап сахнаға қайта оралды

Көптен бері ел назарынан тасада болған әнші Алмас Кішкенбаев ақырында артық салмағынан арылды. Ол тыңдармандарына ұзақ уақыттан бері алғаш рет бет-жүзін көрсетті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Есте болса, өткен жылдың тамыз айында әнші не себепті көрінбей кеткенін түсіндірген еді. Кішкенбаев артық салмағының кесірінен елдің сынына қалғанын, сол себепті жұрттың назарынан тасада жүруді қалайтынын жасырмады.

Әнші артықсалмақтан арылуға бел буғанын да айтқан болатын. Тіпті, желідегі оқырмандарымен арықтау процесінің нәтижелерімен бөлісіп тұратынын уәде еткен. Алайда Кішкенбаев бұл сөзінде тұрған жоқ.

Есесіне араға бірнеше ай салып, ақырында мақсатына жеткенін көрсетті.

Әншінің айтуынша, сол жақтағы сурет кеше, ал оң жақтағысы осыдан екі ай уақыт бұрын түсірілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін