«Алматы аруы-2015» байқауының іріктеу кезеңінде 12 сұлу озып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+38 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы аруы-2015» байқауының іріктеу кезеңінде 12 сұлу озып шықты

«Алматы аруы-2015» байқауының іріктеу кезеңінде 12 сұлу озып шықты

Оңтүстік астанада «Алматы аруы-2015» байқауының іріктеу кезеңі жалғасып жатыр. Ең сұлу ару атауына қазылар алқасы 12 бойжеткенді лайықты деп тапты. 

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 668
Фото - Caravan.kz


«Кастинг басталғалы бері 293 қыз бағын сынады. Олардың арасынан 22 бойжеткен іріктеліп алынған болатын. Осы уақыт аралығында бойжеткендер түрлі мәдени шараларға қатысып, өздерін жан-жақты таныстыруға тырысты. Нәтижесінде олардың 12-сі финалға өтті», — деді байқау директоры Совет Сейітов. 

Алматы аруын биыл шоумен Нұртас Адамбаев, дизайнер Аида Кауменова, былтырғы мисс Регина Вандышева, продюсер Баян Есентаева, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының прима-балеринасы Сәуле Рахметова хабарлады. 

Бүгінгі баспасөз жиыны барысында қыздар қазылар алқасын қандай өнерімен тәнті ететіндерін баяндап берді. 

Айта кету керек, байқаудың финалы 11 қыркүйекте Villa Dei Fiori мейрамханасында өтеді.