Жарияланды: 480

Алматы облысында ерекше мұражай танымал болуда

Алматы облысында ерекше мұражай танымал болуда

Алматы облысының  Қарасай ауданы Райымбек ауылында елімізде теңдесі жоқ «Анаға құрмет» музейі жұмыс істейді.

Ашылғанына бір жылдан енді ғана асқан музей өңірдегі танымал нысандардың біріне айналды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімнің баспасөз қызметінен.

Қос қабатты ғимараттың жалпы аумағы 750 шаршы метрді алып жатыр. Музейді құру туралы бастаманы осы нысанның директоры Бақыт Шпекбаева көтерген болатын. Сол себепті де көптеген экспонаттарды ол өз қолымен жинақтаған.

Бүгінгі күні музейде 500-ден астам түрлі заттар, атап айтқанда, елімізге танымал әйелдерге қатысты түрлі материалдар, құжаттар, фотосуреттер, картиналар, тұрмыстық бұйымдар бар. Осылардың көпшілігі - облыс тұрғындарының өз ниетімен музейге әкеліп тапсырған заттары.

Музей жанынан қойылған «Анаға тағзым» ескерткіші, әсіресе, жас отау иелерінің неке қияр сәтінде арнайы келер киелі орнына айналған.

Музей қызметкерлерінің айтуынша, олар апа-әжелеріміздің өмір салты мен тарихы туралы айтып қана қоймай, отбасы құндылықтарына деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал жасауды мақсат етіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін