Алматы облысында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығы ашылды
Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында «Мәдени мұра» президенттік бағдарламасының аясында құрылған «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығының ашылуы болды. |
«Есік» мұражай қорығының ашылу салтанатына ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов, мәдениет вице-министрі Ғазиз Телебаев, туризм және спорт вице-министрі Бақытжан Шеңгелбаев, қоғамдық кеңес мүшелері мен шығармашылық орта өкілдері қатысты.
Күннің бірінші жартысында 2009-2011 жылдарға аралған «Мәдени мұра» Стратегиялық ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы болды, отырысты Мәулен Әшімбаев ашып, өзі жүргізді. Жиында мұражай-қорықтың болашақтағы дамуы мен сақ мәдениетін зерттеу мәселелері қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқановтың хабарлағанындай, күннің екінші жартысында қонақтар мұражай топтамаларын қарап, 2010 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Талды-2 қорымын қазу жұмыстары кезінде табылған археологиялық жұмыстармен (төртінші «Алтын адам» деп аталып жүр) танысады деп күтілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін