Алматы облысында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығы ашылды

Алматы облысында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығы ашылды

Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында «Мәдени мұра» президенттік бағдарламасының аясында құрылған «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығының ашылуы болды.

  • 10 Маусым 2011
  • 882
Фото - Caravan.kz

«Есік» мұражай қорығының ашылу салтанатына ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов, мәдениет вице-министрі Ғазиз Телебаев, туризм және спорт вице-министрі Бақытжан Шеңгелбаев, қоғамдық кеңес мүшелері мен шығармашылық орта өкілдері қатысты.

Күннің бірінші жартысында 2009-2011 жылдарға аралған «Мәдени мұра» Стратегиялық ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы болды, отырысты Мәулен Әшімбаев ашып, өзі жүргізді. Жиында мұражай-қорықтың болашақтағы дамуы мен сақ мәдениетін зерттеу мәселелері қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқановтың хабарлағанындай, күннің екінші жартысында қонақтар мұражай топтамаларын қарап, 2010 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Талды-2 қорымын қазу жұмыстары кезінде табылған археологиялық жұмыстармен (төртінші «Алтын адам» деп аталып жүр) танысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар