Алматыда 6 қыркүйекте 10-шы "Алматы-менің алғашқы махаббатым" ретрофестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 6 қыркүйекте 10-шы "Алматы-менің алғашқы махаббатым" ретрофестивалі өтті

Алматыда 6 қыркүйекте 10-шы "Алматы-менің алғашқы махаббатым" ретрофестивалі өтті

Алматы. 9 қыркүйек. "Қазақстан" - Алматыда 6 қыркүйекте 10-шы "Алматы-менің алғашқы махаббатым" ретрофестивалі өтті. Осымен біруақытта Қазақстанның екі қаласында осындай ретрофестивальдар өткізілген. Бұл туралы агенттікке фестивалдің продюсері, сценарий авторы әрі музыкалық редакторы Татьяна Лаврик хабарлады.

  • 9 Қыркүйек 2008
  • 953
Фото - Caravan.kz

«Қарағандыда осымен үшінші жыл «Қарағанды- менің жастық шағымның қаласы» атты фестиваль өткізілуде. Оған біздің команданы шақырады. Қатысушылардың 50 пайызы — қарағандылықтар, қалған 50 пайызы — еліміздің жұлдыздары. Ал биыл 31 тамызда Өскеменде «Өскемен- жастық шағым» атты ретрофестиваль өтті»,- деді Т.Лаврик.

Алматыдағы фестивальге биыл бұрығыдай оған тұрақты қатысушылар Роза Рымбаева, «Жетіген» және «Дос-Мұқасан» ансамбльдері қатысты.

Алматыны әнге бөлеген кешке 600-ден аса қонақ қатысты. Бұл кеште ретро әндер орындалатынына қарамастан, фестиваль жастардың да сүйікті мерекесіне айналған. Сондықтан кез-келген әнші осы шараға қатысып, көрермендерге жаңа қырынан көрінуге тырысады. Ұйымдастырушылар әнді әр әншінің табиғатына, дауысына сай бөлген. Олар көпшілікке кеңінен танымал қазақ композиторларының, музыкалық фильмдер мен мультфильмдерде орындалатын, баршамыз жатқа білетін әндерді шырқады. Ал «Асыл» әжелер ансамблі «Дос-Мұқасан» тобымен бірігіп, әйгілі «Шокинг блю» тобының «Шизгаре» әнін орындап көрермендерді бір желпінтіп тастады. Дос-Мұқасан тобы аталған кештің құрметті қонақтарының бірі.

Жылда аты әлемге кең тараған әншілерді шақыру дәстүрге айналған. Биыл ретро әндер байқауына италиялық Рикки и Повери тобы мен белгілі әнші Авраам Руссо, Германиядан әйгілі Модерн Токинг тобының әншісі Томас Андерс келді.

Т.Лавриктің айтуынша, «фестивальдің ұйымдастыру комитетін 10 жыл басқарып келе жатқан Дариға Назарбаева биыл онда үш ән орындады. «Бір әнді ол рояльдің сүйемелдеуімен орындаса, екіншісін алғашқы фестивалдерді ұйымдастырушы Есетжан Қосубаевпен және «Жетіген» тобымен бірге орындады. Ал финалында өзінің бұрығы әріптестері- «Хабар» агенттігінің қызметкерлері- біздермен, фестивальді ұйымдастырушылармен бірге сахнаға шықты», — деді Т. Лаврик.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар