Алматыда Абай күні қалай аталып өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Абай күні қалай аталып өтеді

Алматыда Абай күні қалай аталып өтеді

Алматыда Абай күніне орай қандай іс-шаралар өтетіні белгілі болды.

  • 7 Тамыз
  • 11
Фото: gov.kz

10 тамыз — қазақтың ұлы ақыны, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының күні. Алматы қаласының әкімдігі мерекелік датаға орай 7-11 тамыз аралығында бірқатар іс-шаралар өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Атап айтқанда, кітап көрмелері, Абай оқулары, байқаулар мен викториналар, семинарлар мен тренингтер, шахмат турнирі, сондай-ақ «Абай әлемі» концерт-спектаклі сияқты бірқатар іс-шара өтеді.

9 тамызда 9:00-де Абай алаңында (Достық және Абай даңғылдарының қиылысы) Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Одан кейін ұлы ойшылдың шығармашылығына арналған «Адамзаттың Абайы» мүшәйрасы жоспарланған.

Оған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, ҚР Мәжіліс депутаттары, жазушылар, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен қала қонақтары қатысады. Сонымен қатар Абай алаңында кітаптар мен этноөнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

10 тамыз сағат 16:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Абай әлемі» концерт-спектаклі өтеді. Режиссер Фархад Молдағалидің жетекшілігімен Болат Әбділманов, Ерлан Біләл, Нүркен Өтеуіл сынды танымал актерлер өнер көрсетеді. Олар ұлы ақынның өмір жолы туралы қойылым көрсетіп, Абай шығармашылығындағы жаһандық тақырыптарды қозғайды.

Сонымен қатар концертке «Музарт» тобы, Ерден Жақсыбек, IL Canto тобы, Steppe Sons тобы, Ернар Амандық және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының хоры қатысады.

Апта бойы қаланың барлық дерлік білім беру орталықтары мен кітапханаларында Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу бойынша байқаулар өтеді. Түрксіб ауданындағы комьюнити орталығында «Абай Chess» шахмат турнирі өтеді.

Қала тұрғындарының арасында «Абай Құнанбайұлы туралы не білеміз?» атты блиц-сауалнама жүргізіледі. Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты сұрақтарға дұрыс жауап берген азаматтарға сыйлық беріледі.

АтауыӨтетін күні мен уақытыӨтетін орныБайланыс үшін
1.     «Абай — ұлттық әдебиеттің алтын діңгегі» кітап көрмесі. Сондай-ақ, белгілі жазушылар Б. Беделхан, Б. Сарыбай, Е. Бақаштың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.7 тамызсағ 11:00Наурызбай ауданының отбасылық оқу кітапханасы Шұғыла ш/а, 343/7 Асхат Абайұлы +7 708 767 9741
2.      Мектеп жасындағы балалар арасында Абай өлеңдері мен қара сөздерін үздік оқуға арналған «Абай оқулары» байқауы7 тамызасағ 11:00«Oylike» білім беру орталығы, Көкжиек ш/а 59Е.Касымбеков +77011888449,М.Алтынбек+77472593008
3.     «Әлем таныған Абай» суреттер байқауы7  тамызсағ11:00Серіков көшесі, 6Р.Исмайылов+77085333410
4.     «Қазақтың ұлы ақыны — Абай» суреттер конкурсы7  тамызсағ 12:00«Oylike» білім беру орталығы, Көкжиек ш/а 59Е.Касымбеков +77011888449, М.Алтынбек+77472593008
5.      «Абайдың портреті» шығармашылық орталықтар оқушылары арасындағы байқау7  тамызсағ 12:00Айнабулак 82/4, 3 қабат офис 17Е.Касымбеков +77011888449, М.Алтынбек+77472593008
6.      «Абай өлеңдері» домбырада орындаушылар байқауы7 тамызсағ 13:00«Oylike» білім беру орталығы, Көкжиек ш/а 59Е.Касымбеков +77011888449,М.Алтынбек+77472593008
7.     Балалар арасында Абай өлеңін үздік оқуға арналған байқау8  тамызсағ 10:00Бақытты отбасыСеріков көшесі, 6 аЕ.Касымбеков +77011888449
8.      «Абай оқы, таңырқа!» кітап көрмесі8  тамызсағ 11:00 №44 кітапханаЖ. Ермекбаева 87754722329
9.     «Электрондық баннер Абай-ағартушы» шығармашылық орталығының оқушылары арасында компьютерлік эскиз байқауы8  тамызсағ 12:00Айнабулак 82/4, 3 қабат офис 17Е.Касымбеков +77011888449М.Алтынбек+77472593008
10.  Абай ескерткішіне гүлшоқтарын қою9  тамыз
сағ 09:00
 Абай алаңыАлматы қаласы  әкімдігінің аппараты
11.  Әлеуметтік клуб тәрбиеленушілері арасында « Абай оқулары» 9  тамызсағ 10:00«Шыңға өрлеу»Жас канат шағын аудандық бөлімшесі
87071675052 Рустам
12.  Абай көрме бұрышын кітаптардан, қолөнерден, суреттерден ұйымдастыру9  тамызсағ 10:00Бақытты отбасы Серіков көшесі, 6 аЕ.Касымбеков +77011888449М.Алтынбек+77472593008
13.  «Абай Құнанбаев туралы не білеміз?» блогерлердің қатысуымен қала тұрғындары арасында блиц-сауалнама  9  тамыз сағ 11:00Қала бойыншаЖанель+7 707 877 9676  
14.   «Абайдың қара сөздері» кітап көрмесі9  тамыз    
сағ 11:00
 №45 кітапханаОрталықтандырылған кітапхана жүйесі
15.  «Абайды оқы – таңырқа!»  өлеңдер оқу9  тамыз     
сағ 11:00
 №29 кітапханаОрталықтандырылған кітапхана жүйесі
16.  Абай өлеңдерін оқуды үйрену және айту9  тамызсағ 12:00Айнабулак 82/4, 3 қабат офис 15Е.Касымбеков +77011888449 
17.  «Абай мұрасы – ұлттық құндылық» салтанатты мерекелік шара9  тамыз Абай даңғылы, 14ҚР Ұлттық кітапханасы
18.   «Ұлы Абай» тақырыптық сабағы10  тамыз
сағ 11:00
 Төлебаев, 117Д. Қонаев музейі
19.  «Дархан халықтың дана Абайы» Абай өлеңдеріңн оқу10  тамыз  
сағ 14:00
 №44 кітапханаОрталықтандырылған кітапхана жүйесі Ж. Ермекбаева (87754722329)
20.   «Абай әлемі» танымал артистердің қатысуымен концерт- спектакль10  тамыз
сағ 16
:00 
 Нұркент ш/а, 6«Алатау» дәстүрлі өнер театры
21.   Ашық аспан астындағы кино10  тамызсағ 20:00 Байсеитова скверіАлмалы ауданының комьюнити орталығы
22.  Абай атындағы  ҚазҰПУ алдындағы Абай бюстіне гүлшоқтарын қою.10  тамыз  Достык даңғылы, 13Жанеля Жумалиевна87078779676
23.  Аудан жастарының қатысуымен «Қазақ қоғамындағы Абайдың рөлі» тақырыбында семинар тренинг10 тамызАлатау ауданының комьюнити орталығыО. Молдахан 8 700 066 00 99
24.   «Абай Chess» шахмат турнирі10  тамызЖас Канат ш/а, 49а Комьюнити  орталықКалмурат 87073960020