Алматыда алтыншы рет «FourЭ» эко-этнофестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда алтыншы рет «FourЭ» эко-этнофестивалі өтеді

Алматыда алтыншы рет «FourЭ» эко-этнофестивалі өтеді

Алматылықтар VI халықаралық эко-этнофестивалін өткізуге дайындалып жатыр. Мәдени шара 14-16 тамыз аралығында Алматы облысы Космос ауылында өтеді. 

  • 31 Шiлде 2015
  • 325
Фото - Caravan.kz


Фестивальдің биылғы ұраны  «fourЭ 4ever». Орта Азиядағы ең ауқымды эко-этнофестивальге 10 000 адам келеді деп болжанып отыр. 
«Фестиваль 4 бағытта өтеді. Этно-кеңістікте қатысушылар ұлттық музыкамен сусындаса, Эво-кеңістікте тән және рухани дамудың шеберлерінен шеберлік сабақтарын алуға болады. Эмо-кеңістікте балаларға арналған дамыту сабақтары, ойындар ұйымдастырылады. Эко-кеңістіктен келушілер eco handmade gifts көрмесін тамашалап, қолөнер бұйымдарын сатып ала алады. Биыл оған ADD кеңістігі қосылады. Мұнда би, спорттық ойындар, сайыстар, cross fit тағы басқа шаралар ұйымдастырылады», — делінген қалалық мәдениет басқармасының баспасөз хабарламасында.  

Соңғы жаңалықтар