Жарияланды: 1300

Алматыда «Астана - Отанымыздың жүрегі» атты кітап көрмесі ашылды

Бүгін Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында және Астана күніне орай «Астана - Отанымыздың жүрегі» атты кең ауқымды көркемделген кітап көрмесі ашылды.

ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен ашылған көрмеге кітапхана қорынан алынған қазақ және орыс тіліндегі 2000-нан астам әдебиеттер қойылған. Нақтырақ айтқанда, оқырмандар назарына жаңа астанамыздың өткені, бүгіні мен болашағы, тәуелсіздіктің символы ретінде дамып, өркендеуі туралы әдебиеттер, сонымен қатар, еліміздің, Алматы қаласының өткені мен бүгіні туралы сыр шертетін кітаптар қойылған. Көрме аясында бүгін сонымен қатар, «Қазақстан Мэтрдің көзімен» атты ел Президентінің тұңғыш жеке фотографы Иосиф Будневичтің фотосуреттерінің көрмесі ашылды. Көрмеге 70-тен аса фотосуреттер қойылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін