Жарияланды: 790

Алматыда балалар кітабына арналған "Сиқырлы қарындаш" атты фестиваль өтеді

17-21-қарашада Алматыда балалар кітабына арналған "Сиқырлы қарындаш" атты фестиваль өтеді. Фестивальді Британдық кеңес ұйымдастырып қаржыландырады. Фестиваль аясында көрмелер, семинарлар, тұсаукесер шаралары, кездесулер мен байқаулар өткізіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Фестивальде Ұлыбританиялық таңдаулы жазушылар, кітап көркемдеушілер мен баспагерлердің үздік шыққан еңбектері мен тәжірибесі көрермен назарына ұсынылады. Фестиваль бағдарламасында Ұлыбританиялық ең танымал кітап көркемдеуші Квентин Блейктің туындыларынан көрме ұйымдастырылады деп межеленген. Сондай-ақ, шараға ақпараттық кітапхана ісі және балалар кітабының маманы Энн Марли, балалар жазушысы Элизабет Лэйрд, "Макмиллан" баспасының өкілі Кейт Уилсон, кітап көркемдеуші Патрик Бенсон сынды адамдар келеді. Олар Қазақстандық жазушылар, суретшілер, кітапханашылар және баспагерлермен кездеседі. Ұлыбританиялық қонақтар өз елдерін мысалға келтіре отырып балаларға арналған кітаптар шығару проблемасымен бөліседі. Сондай-ақ, балалар арасында кітапқа деген құштарлықты ояту мәселесі де сарапқа салынады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін