Алматыда БҰҰ күніне арналған концерт өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда БҰҰ күніне арналған концерт өтеді

Алматыда БҰҰ күніне арналған концерт өтеді

Бүгін, 23-қазанда БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі, ҚР СІМ мен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы бірлесіп БҰҰ күніне арналған концерт өткізуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің қоғамдық ақпарат департаментінен хабарлады.

  • 23 Қазан 2003
  • 459
Фото - Caravan.kz

Концертке Қазақстан халықтарының Ассамблеясына қамтылатын мәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдары қатысуда.

Сондай-ақ, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының кіре беріс залында «Бейбітшілік және үйлесімділік» деген тақырыпта балалар суретінен көрме ашылады.
Қытай, Франция, КСРО, АҚШ, Ұлыбритания тәрізді қатысушы елдер БҰҰ жарғысын бекітуі нәтижесінде ұйым 1945-жылдың 24-қазанында ресми түрде жұмыс істей бастаған болатын. Бастапқыда оның құрамына 51 мемлекет қамтылды. Қазіргі жағдаймен БҰҰ-на дүниежүзінің 191 елі мүшелікке өтіп отыр.
Қазақстан БҰҰ-на 1992-жылы мүшелікке өткен. БҰҰ-ның әртүрлі агенттіктерінің өкілдіктері елімізде 1993-жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Соңғы жаңалықтар