Алматыда Clique Fest кинофестивалінде әлемдік фильмдердің премьерасы болады
![]() |
5-15 қараша аралығында Алматыда Clique Fest кинофестивалі өтеді. |
Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған мәдени шарада бірқатар әлемдік фильмдердің премьералары жоспарланған.
Шара негізгі бағдарламадан бөлек, деректі киноға арналған Clique.Doc, Жаңа Британ киносы секілді бағдарламалармен толықты. Сонымен қатар 48 hours film race қысқаметражды киноға арналған жаңа форматтағы конкурсы өтеді.
Фестивальде 2015 жылы Санденс фестивалінде үздік деректі фильм атанған "Бөрілер үйірі" ("The Wolfpack"); Роттердам фестивалінің бас жүлдесін алған "Ғасыр жобасы" ("La obra del siglo"), "Гамер" туындылары көрсетіледі. Сондай-ақ "Махаббат" ("Love"); "Қойлар" ("Hrútar"), "Қара тауық" ("Kalo pothi") тәрізді фильмдер де көрермен назарына ұсынылмақ.
Clique.Doc бағдарламасының көрсетілімдеріне кіру тегін, деп хабарлайды kinostan.kz.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін