Алматыда этномәдени орталықтардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды
Бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП-ның Әуезов аудандық филиалы осы аудан әкімінің аппаратымен бірлесе отырып ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай этномәдени орталықтардың концерттік бағдарламасын ұйымдастырды. |
Аталған шараға «Барбанг» курдтар қауымдастығы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы, «Неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, Алматы татар қоғамдық-мәдени орталығының, «Стругураш» Молдова мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің және ұйғыр этномәдени орталықтары қатысып, концерттік бағдарламаларын ұсынды.
«Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Санжар Боқаев, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласы, Алматы облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Этнос Форум» ҚҚ-ы ресми өкілдігінің атқарушы директоры Рахилям Махпирова, Әуезов ауданының этномәдени орталықтарының төрағалары қатысып, жиналған қауымды тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтап, «Балалар Қазақстанды суреттейді!» атты асфальттағы балалар суреті байқауының жеңімпазадрын марапттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Іс-шара барысында концерттік бағдарламалармен қатар этномәдени орталықтар тағамдарының көрмесі мен «Достар дастарқаны» ұйымдастырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін