Алматыда этно-мәдени салт-дәстүрлер фестивалі басталды
Бүгін Алматыда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында этно-мәдени салт-дәстүрлер фестивалі басталды. |
"Нұр Отан" ХДП Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Санжар Боқаевтың айтуынша, бүгін еліміздің барлық аймағында, облыс, аудан, ірі қалаларда этно-мәдени салт-дәстүрлер фестивалі бастау алады. "Акция қыркүйек айына дейін жалғасатын болады. Фестиваль егеменді елімізде тұратын 130 астам әр ұлыстың салт-дәстүрлерін жаңғырту, мәдениеті мен әдебиетін дамытып, насихаттау мақсатында өткізіледі. Қазақстан - әлемдегі конфессияаралық, ұлтаралық келісім мен татулықтың, адамзаттың бейбіт өмірін көздейтін мемлекет. Сондықтан, біздің басты байлығымыз - достық пен бірлік. Ұлттық бірлік -Қазақстандық қоғам дамуының ең маңызды бөлігі. Біз сондықтан бұған үлкен мән береміз",-деді ол.
"Еліміздегі береке-бірлік пен татулық, ұлттар достығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елдегі татулықты нығайту, ішкі тұрақтылықты орнықтырудағы стратегияны дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудегі ұтымды әрі тиімді жұмыс нәтижесінің жемісі",-деп санайды фестивальге қатысушылар.
Фестиваль барысында халықтар татулығы мен бірлігі, достық пен тұрақтылық, Отан туралы әндер шырқалып, әр халықтың ұлттық биі орындалады. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар көрмесі өтеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін