Алматыда этно-мәдени салт-дәстүрлер фестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда этно-мәдени салт-дәстүрлер фестивалі басталды

Алматыда этно-мәдени салт-дәстүрлер фестивалі басталды

Бүгін Алматыда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында этно-мәдени салт-дәстүрлер фестивалі басталды.

  • 8 Маусым 2011
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Нұр Отан» ХДП Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Санжар Боқаевтың айтуынша, бүгін еліміздің барлық аймағында, облыс, аудан, ірі қалаларда этно-мәдени салт-дәстүрлер фестивалі бастау алады. «Акция қыркүйек айына дейін жалғасатын болады. Фестиваль егеменді елімізде тұратын 130 астам әр ұлыстың салт-дәстүрлерін жаңғырту, мәдениеті мен әдебиетін дамытып, насихаттау мақсатында өткізіледі. Қазақстан — әлемдегі конфессияаралық, ұлтаралық келісім мен татулықтың, адамзаттың бейбіт өмірін көздейтін мемлекет. Сондықтан, біздің басты байлығымыз — достық пен бірлік. Ұлттық бірлік -Қазақстандық қоғам дамуының ең маңызды бөлігі. Біз сондықтан бұған үлкен мән береміз»,-деді ол.

«Еліміздегі береке-бірлік пен татулық, ұлттар достығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елдегі татулықты нығайту, ішкі тұрақтылықты орнықтырудағы стратегияны дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудегі ұтымды әрі тиімді жұмыс нәтижесінің жемісі»,-деп санайды фестивальге қатысушылар.

Фестиваль барысында халықтар татулығы мен бірлігі, достық пен тұрақтылық, Отан туралы әндер шырқалып, әр халықтың ұлттық биі орындалады. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар көрмесі өтеді.

Соңғы жаңалықтар