Жарияланды: 500

Алматыда Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы атап өтілді

Алматыда Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы атап өтілді

Алматыда Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы атап өтілді. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жазушының туғанына 100 жыл толуына орай концерт өтті.

Кеште қазақ эстрадасының үздік орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Мерейтойлық концертке қала әкімі Бауыржан Байбек те қатысты.

«Қазақ әдебиетінің классигі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына биыл 100 жыл толды. Ілияс Есенберлин қазақ рухани қоғамының, әсіресе мемлекетшілдік түйсіктің қалыптасуына айрықша үлес қосқан адам. Шығармашылығы арқылы халқына рухани дем берген. Саналы ғұмыры өнер жолымен қатар ауыр еңбекпен өткен. Ұлы Отан Соғысына қатысып жеңіспен оралды. Ілияс Есенберлин әр жылдары өндіріс саласында өнімді еңбек етті. «Көркем Әдебиет» баспасының, «Киностудияның» редакторы, «Жазушы» баспасының басшысы, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы болды. Осындай маңызды қызметпен қоса шығармашылығын қабат алып жүрген қаламгер, қазақ әдебиеті тарихында өшпес із қалдырған жасампаз жазушы тың тақырыптарды қозғап, қазақ әдебиетіне жаңа леп әкелгені рас. Оның еңбектерінің ішіндегі бірегейі - «Көшпенділер» тарихи эпопеясы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біз кеше ғана пайда болған халық емеспіз. Қазақ хандығы осыдан 5,5 ғасыр бұрын шаңырақ көтерсе де, Еуропада орнаған сақ, ғұн, үйсін, ұлы түрік қағандығы, «Алтын орда» мемлекетінің заңды мұрагері. Біздегі тарихи сананың қалыптасуына, ұлттық құндылықтарды сақтап қалуға Ілияс Есенберлин романдары айрықша әсер етті», - деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін