Алматыда Хадиша Бөкееваны еске түсіруге арналған вокалды өнер кеші өтті
Алматыда КСРО халық артисі, ұлағатты ұстаз Хадиша Бөкееваны еске түсіруге арналған «Ұлағатты ұстаз» атты вокалды өнер кеші өтті. |
Оны ұйымдастырушы - ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, Жастар одағы сыйлығының иегері және «Еңлікгүл-2012» марапатында жылдың үздік актрисасы атанған Дария Жүсіп.
«Ұстаз бұл ұғым ұққанға өте қадірлі, қасиетті. Әсіресе, өнер ұстазы, сахнаға баулу ұстаздығы ешақандай есепке бағынбайтын, уақытпен өлшенбейтін, болмаса қандай да бір атақ-марапатпен теңелмейтін, инемен құдық қазғаннан ауыр. Егер шәкірті бәйгеден бірінші келіп жатса оның қуанышы да ешнәрсемен өлшенбейтін ерекше бақыт. Хадиша Бөкеева апамыз 6-7 буын шәкірт тәрбиелеп шықты», - дейді кеш жүргізушісі Тұңғышбай Жаманқұлов.
Кеш барысында Дария Жүсіп жанды дауыста оркестрдің және «Қазына» вокалдық тобының сүйемелдеуімен қазақ, орыс, ағылшын, әзірбайжан, итальян, испан, сыған, түрік тілдерінде әртүрлі жанрдағы музыкалық туындыларды орындады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін