Жарияланды: 440

Алматыда халықаралық балет фестивалі өтеді

Маусымның 22-сі мен 26-сы аралығында Алматыда халықаралық опера және балет өнері фестивалі өтеді.

Фестиваль тәуелсіздіктің 20 жылдығына бағышталып отыр. Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің ақпарына сүйенсек, оған Мәскеудің Үлкен театрының, Санкт-Петербургтегі Мариин театрының солистері мен итальяндық опера майталмандары шақырылған. Фестиваль шеңберінде Г.Доницеттидің «Любовный напиток» операсы шырқалып, С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульеттасы» көрсетіледі. Сонымен қатар, көрермендер Дж.Вердидің «Аида» операсын, П.Чайковскийдің «Лебединое озеро» шығармасын тыңдай алады, делінген хабарламада. Фестиваль соңы үлкен гала-концертке ұласады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін