Жарияланды: 520

Алматыда халықаралық дәстүрлі қуыршақ өнері фестивалі өтеді - жеңімпазға 1 млн. теңге

Алматыда қарашаның 5-інен 9-ына дейін «Ортеке-2012» халықаралық дәстүрлі қуыршақ өнері фестивалі өтеді,

деп хабарлайды ҚазТАГ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Фестивальдің негізгі миссиясы - Ортеке деген қазақтың ұлттық өнерін халық арасында насихаттау, сондай-ақ, қазақстандық көрермендердің эстетикалық талғамын тәрбиелеу және әлемді көркемдік тануын кеңейту. Фестиваль аясында«Үздік орындаушы» және«Үздік шебер» номинацияларында1 000 000 теңге көлемінде гран-при сыйлықтары табыс етіледі», делінген таратылған ақпаратта. Республикалық байқауға 40-тан аса қазақстандық орындаушы мен қуыршақ шеберлері өз туындыларын ұсынады. Жұмыстар мен орындау қазақ халқы мәдениетінің дәстүрлеріне сәйкестігі бойынша қаралып, қазылар алқасы орындаудың композициясы, сапасы, техникалық және көркемдік деңгейі бойынша бағалайды. Бұдан басқа, шара аясында «Дәстүрлі қуыршақ өнері кеңістік пен уақыт ішінде» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп, оған Қазақстан, Ресей, АҚШ, Эстония, Тәжікстан және Египет ғалымдары қатысады. Сондай-ақ, фестиваль қонақтары ауруханаларда, балалар үйлерінде, оңалту орталықтарында қайырымдылық мақсатта өнер көрсетеді. Шаралар А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің және Құрманғазы атындағы ҚазМемАкадем оркестрінің залдарында өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін