Алматыда комедия жанрындағы «Лотерея» атты фильмінің түсірілімі аяқталуға жақын қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда комедия жанрындағы «Лотерея» атты фильмінің түсірілімі аяқталуға жақын қалды

Алматыда комедия жанрындағы «Лотерея» атты фильмінің түсірілімі аяқталуға жақын қалды

Алматыда режиссер Дамир Манабайдың «Лотерея» атты жаңа фильмінің түсірілімі аяқталуға жақын қалды. Бүгін түсірілім алаңында БАҚ өкілдері шығармашылық топпен кездесіп, киноның түсірілім барысымен танысып қайтты.

  • 25 Шiлде 2011
  • 575
Фото - Caravan.kz

Аталған фильмді шығаруға Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның тапсырысымен «Бәйтерек» продюсерлік орталығы жұмылдырылған. Фильмді түсіру жұмыстары 2011 жылдың наурыз айында бастау алған. Кино келесі жылдың басында экранға шығарылады деп жоспарлануда. Шығармашылық топ екі ай бойы Алматы облысының Алдаберген ауылында түсіру жұмыстарын жүргізген.

Сценарий авторы — қазақстандық танымал драматург Дулат Исабеков. Фильм жазушының «Қашан сен есейесің» повестінің желісі бойынша түсірілуде. Басты кейіпкер туған-туысы жоқ интернатта тұратын 13 жасар бала. «Аяқ астынан ол лотореядан «Волга» автокөлігін ұтып алады. Содан кейін оның айналасына көптеген туыстары пайда болып, сол билетке талас-тартыс басталады», -дейді Д.Манабай.

Режиссер сонымен қатар фильм комедия жанрында түсіріліп жатқандығын айтып өтті. «Комедияны алғаш рет түсірудемін. Дегенімен бұл өте күрделі жанр екендігін білемін, сондықтан өз мүмкіндігімді тексеріп көрейін деп шештім. Жұмысымның бағасын көрермендер мен сыншылар бере жатар. мен үшін бұл өте қызықты жоба болды», -деп атап өтті Д.Манабай.

Фильмде басты рөлде Жасұлан Дінамжан ойнайды, бұл оның тұңғыш актерлық жұмысы. Сонымен қатар фильмнен Гюл Зиятова, Асхат Үрпеков, Ерболат Төлегенов, Дана Тұрарбек, Саттар Ерубаев, Филипп Волошин, Мұрат Мутурғанов және әнші Гүлмира Ақүрпекованы көре аласыздар. Д.Манабайды да экраннан көре аласыздар, ол эпизодтық рөлдің бірінде ойнайды.

Соңғы жаңалықтар