Алматыда мәдениет саласындағы шығармашылық жобалар байқауы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мәдениет саласындағы шығармашылық жобалар байқауы өтеді

Алматыда мәдениет саласындағы шығармашылық жобалар байқауы өтеді

Алматы қалалық мәдениет басқармасы 2013 жылы жүзеге асыру үшін 18 қаңтарға дейін мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық жобалар байқауына өтініштер қабылдайды.

  • 4 Желтоқсан 2012
  • 379
Фото - Caravan.kz

Басқарма қызметкері Галина Корецкаяның айтуынша, байқаудың мақсаты — Алматы қаласының мәдени өміріне барлық азаматтарды тартуға ықпал ететін мәдени және шығармашылық бастамаларды қолдау. Сондай-ақ балалар шығармашылығын дамыту, заманауи қазақстандық өнерді қала тұрғындарына насихаттау және мекемелер, мемлекеттік мәдени ұйымдар, және жеке, тәуелсіз шығармашылық ұйымдар арасында серіктестік қатынас құру.

«Байқау бағыттары тізіміне: балалар мен жасөспірімдер үшін білім беру; музей ісін дамыту; әдебиет және кітапхана ісін дамыту; театр, музыка, би; бейнелеу, дизайн, декоративті-қолданбалы өнері; кинематография және жоғарыда аталған бағыттардың бірнешеуін қамтитын жобалар еніп отыр. Оған 20-30 миллион теңге қаржы қарастырылды. Дегенмен бұл жоғары шек емес екенін ескерте кеткен артық болмас», — дейді Г.Корецкая.