Алматыда «Ортеке-2012» халықаралық қуыршақ өнері фестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Ортеке-2012» халықаралық қуыршақ өнері фестивалі басталды

Алматыда «Ортеке-2012» халықаралық қуыршақ өнері фестивалі басталды

Бүгін Алматыда Эстонияның жастар қуыршақ театры өз қойылымдарын қазақ тілінде қояды.

  • 5 Қараша 2012
  • 415
Фото - Caravan.kz

Бұл шара «Ортеке-2012» ІІ Халықаралық қуыршақ өнері фестивалі аясында жүзеге асып отыр.

А. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде өтетін дәстүрлі өнер додасына биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Қытай, Ресей, Тәжікстан, Египет, Эстония сияқты алыс-жақын шет елдердің қуыршақ театрлары қатысуда. Оған құрамында Қазақстан мен Ресейдің әйгілі өнер майталмандары бар ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкерім бастаған қазылар алқасы төрелік жасамақ.

«Ортеке» — бұл халықтың үлкен тойы. Қайта жаңғырған ұлы өнер қала әкімдігінің қолдауымен «Жібек жолы» бойындағы халықтар достығының бір белгісіндей биыл екінші рет түрлі ұлт пен ұлысты жинап отыр», — дейді Ж. Шәкәрім. Оның айтуынша, кең байтақ қазақ жерінің қай түкпірінде жүрсеңіз де ондағы тасқа қашалған таңбалардың бәрінде ортекенің суретін көре аласыз. Өзіне ежелден таныс бұл жануарды халқымыз есте жоқ ескі замандарда-ақ өнердің бір туындысына айналдырып, әсем әуен сазымен билетіп, сан-салалы қуыршақ өнерінің үлкен бір түріне айналдырған. Түрлі себептермен өткен ғасырда ұмыт бола бастаған ән, би, күй, жыр мен ертекшілік сияқты түрлі өнердің басын бір арнаға тоғыстырған «Ортеке» кейінгі кезде қайта жаңғырып, халық игілігіне қызмет ете бастады.

Соңғы жаңалықтар