Жарияланды: 500

Алматыда «Пушкин гүл дестесі» деп аталатын шығармашылық кездесу болады

Алматыда 14 маусымда Пушкин поэзиясы мерекесіне арналған «Пушкин гүл дестесі» деп аталатын шығармашылық кездесу өтеді.

Ол этномәдени кеңістікті сақтау мақсатында өнегелілік, халықтар достығы, халық шығармашылығы мен мәдени мұра мысалында барлық буынның таланттарының шығармашылығын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл шара Александр Пушкин поэзиясының сұлулығын көрсетуге ықпал етпек. Кездесуге Алматы қаласындағы Қазақстан халықтары ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Алия Турсумуратова, Ресейдің Қазақстандағы Бас консулдығының консулы Ирина Переверзева және тағы меймандар шақырылып отыр. Онда өнер, Пушкин поэзиясы және А. Пушкин шығармашылығындағы әрқилы тақырыптар жайында баяндамалар жасалып, ақынның өлеңдері оқылады деп жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін