Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен қала күніне арналған аламан айтыс өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен қала күніне арналған аламан айтыс өтеді

Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен қала күніне арналған аламан айтыс өтеді

Қыркүйек айының 20-21 күндері Алматы қаласындағы Республика сарайында «Алтыннан ардақты, аяулы Алматым!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. 

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 450
Фото - Caravan.kz

Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне және қала күніне арналған айтысты Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыруда.
«НұрОтан» партиясының қолдауымен өткелі отырған сөз додасында 20 ақын бақ сынайды. Олар: Айбек Қалиев (Арқалық), Тілеген Әділов (Қарағанды), Мақсат Ақанов (Қарағанды), Иран-Ғайып Күзембаев (Астана), Еркебұлан Қайназар (Астана), Мейірбек Сұлтанхан (Астана), Жансая Мусина (Орал), Мұхтар Ниязов (Қызылорда), Нұрмат Мансұров (Астана), Марат Ахметов (Ақтөбе), Аспанбек Шұғатаев (Кереку), Қалижан Білдәшев (Шымкент), Айсәуле Бейсенхан (Астана), Ершат Қайболдин (Ақтөбе), Бақыт Жағыпарұлы (Алматы),Талант Арғынғали (Алматы), Ринат Зайытов (Алматы), Болатбек Оразбаев (Алматы), Бибігүл Тілеболдинова (Алматы), Хазірет Бердіхан (Алматы)

Айтысты ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді. Аламан айтыстың бас жүлдесі 2 млн. теңге.


Соңғы жаңалықтар