Жарияланды: 450

Алматыда қазақтың меццо-сопрано дауысты әншісі Дина Хамзинаның концерті өтеді

Жамбыл атындағы филармонияда 22 қараша күні түрлі халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театрының және Қазандағы М. Жәлил атындағы опера және балет театрының меццо-сопрано дауысты әншісі Дина Хамзинаның концерті өтеді.

Онда Біржан сал, А.Жұбанов, Л.Хамиди, Б. Қыдырбек, А. Тоқсанбаев, Б. Дәлденбай, Е.Андасов және тағы басқалардың шығармалары орындалады. Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын Қазақстанның халық артисі Б.Әшімованың класында тамамдаған Д.Хамзина 2004 жылы Б.Төлегенованың халықаралық конкурсының бірінші сыйлығына, 2005 жылы К.Байсейітова атындағы республикалық конкурстың Гран-при сыйлығына ие болды. Жағымды да жұмсақ мәнері арқылы көрермен көзаймына айналған оның концерттік репертуарында қазақ, орыс халық әндері мен Қазақстан және өзге шетел композиторларының шығармалары кеңінен орын алған. Оны әншінің театр сахнасында орындайтын Қарлығаш (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, «Абай»), Қамқа ( Е.Брусиловский, «Қыз Жібек»), Аналық (М.Төлебаев, «Біржан-Сара»), Магдалена, Джованна (Дж.Верди «Риголетто», «Кармен»), Мерседес (Ж.Бизе «Кармен»), Полина (П.Чайковский «Қарғаның мәткесі»), Сузуки (Дж.Пуччини «Чио-Чио-сан»), Зибель (Ш.Гуно «Фауст»), сияқты және басқа да партияларынан анық байқауға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін