Алматыда режиссер М.Ахмановтың «Наурыз-думан» спектаклінің премьерасы болып өтті
Бүгін Алматыдағы Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режиссер Мұрат Ахмановтың балаларға арналған «Наурыз Думан» атты спектаклінің премьерасы болып өтті. |
Қойылым - Жыл он екі ай ертегісінің негізінде сахналанған. Онда жердің жаңаруы - Наурыз мерекесі, жыл басы жайлы да танымдық түсінік береді. Спектакльдегі қойылым кейіпкерлері - Ай мен Күн, Жыл иелері, Жыл мезгілдері, Қызыр баба, асыл әжелердің жағымды бейнелері арқылы, кішкентай көрермендеріміздің көңілдеріне жарқын жол тауып, олардың ішкі танымдық-сана көздерін, ұлттық-рухтағы таза да мөлдір, тұнық тағылым бастауларын ашады. Мұрат Ахмановтың айтуынша «Наурыз Думан» сахналық ертегісі - «баланы бастан» тәрбиелейтін танымдық тартымды туынды.
Қойылым 16 маусым күні де сахналанатын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін