Алматыда режиссер М.Ахмановтың «Наурыз-думан» спектаклінің премьерасы болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда режиссер М.Ахмановтың «Наурыз-думан» спектаклінің премьерасы болып өтті

Алматыда режиссер М.Ахмановтың «Наурыз-думан» спектаклінің премьерасы болып өтті

Бүгін Алматыдағы Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режиссер Мұрат Ахмановтың балаларға арналған «Наурыз Думан» атты спектаклінің премьерасы болып өтті.

  • 14 Маусым 2011
  • 439
Фото - Caravan.kz

Қойылым — Жыл он екі ай ертегісінің негізінде сахналанған. Онда жердің жаңаруы — Наурыз мерекесі, жыл басы жайлы да танымдық түсінік береді. Спектакльдегі қойылым кейіпкерлері — Ай мен Күн, Жыл иелері, Жыл мезгілдері, Қызыр баба, асыл әжелердің жағымды бейнелері арқылы, кішкентай көрермендеріміздің көңілдеріне жарқын жол тауып, олардың ішкі танымдық-сана көздерін, ұлттық-рухтағы таза да мөлдір, тұнық тағылым бастауларын ашады. Мұрат Ахмановтың айтуынша «Наурыз Думан» сахналық ертегісі — «баланы бастан» тәрбиелейтін танымдық тартымды туынды.

Қойылым 16 маусым күні де сахналанатын болады.

Перейти к новостям спорта