Жарияланды: 460

Алматыда Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған кеш өтеді

- ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес және қаланың мәдениет жылы аясында Алматы әкімдігі ҚазССР халық әртісі, биші әрі педагог Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған кеш өткізеді. Кеш 29 қарашада Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді.

Оған елдің ең үздік би ұжымдары: Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі, «Қазына» би ансамблі (Шымкент), Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Алтынай» халық би ансамблі, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің және Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің ансамбльдері қатысады. Ш. Жиенқұлованың мерейтойы аясында оның шәкірттерін - хореографиялық училище халық би бөлімінің алғашқы түлектерін марапаттау өтеді. Шара Жиенқұлова (1912-1991) - қазақ кеңес бишісі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының жүлдегері. Шара Жиенқұлованы халық арасында «Би еркесі, би падишасы, би құдыреті» деп атап кеткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін