Алматыда Т.Бекмамбетовтың кинотеатрында «Джентльмендер, сәттілік!» жаңа комедиясы көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Т.Бекмамбетовтың кинотеатрында «Джентльмендер, сәттілік!» жаңа комедиясы көрсетіледі

Алматыда Т.Бекмамбетовтың кинотеатрында «Джентльмендер, сәттілік!» жаңа комедиясы көрсетіледі

Бүгін Алматыдағы «Bekmambetov Cinema» кинотеатрында BAZELEVS студиясы түсірген «Джентльмендер, сәттілік!» жаңа комедиясының жабық көрсетілімі өтеді.

  • 18 Желтоқсан 2012
  • 375
Фото - Caravan.kz

Фильм жаңажылдық ғажайыптар әркезде жағымды тосын сый ретінде бола бермейтінін, бірақ олар бізді әрдайым арманымызға жақындата түсетіндігі туралы оқиға. Толық метражды картина 40 жыл бұрын экранға шыққан аттас кеңестік комедиясының ремейкі болып табылады. Жаңа фильмнің режиссерлары — Александр Баранов пен Дмитрий Киселев («Қара найзағай», «Түнгі шолушы», «Шырша», «Шырша-2»).

Басты рөлдерде — ресейлік актерлар Сергей Безруков, Гоша Куценко, Дато Бахтадзе, Антон Богданов және Марина Петренко.

Bazelevs компаниясының жаңажылдық фильмі «Шырша» және «Шырша-2» фильмдерінде тексеруден өткен технология бойынша Санкт-Петерборда және Израильде түсірілді, себебі тұрақсыз жағдайға байланысты оны Мысырда түсіру мүмкін болмады.