Алматыда "Тендерге түскен келіншек" атты драмалық жаңа қойылымның тұсаукесері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Тендерге түскен келіншек" атты драмалық жаңа қойылымның тұсаукесері өтті

Алматыда "Тендерге түскен келіншек" атты драмалық жаңа қойылымның тұсаукесері өтті

Кеше Алматыда Қазақтың мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында "Тендерге түскен келіншек" деген драманың тұсаукесері өтті.

  • 27 Маусым 2011
  • 591
Фото - Caravan.kz

Қойылымның авторы — М. Сәрсеке, қоюшы-режиссері — О. Кенебаев, қоюшы-суретшісі — Ерлан Тұяқов, музыкамен көркемдеуші- Е. Есенбаев. Онда басты рөлдерді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Жастар одағы сыйлығының лауреаты Дария Жүсіп («Сағила»), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Бекжан Тұрыс («Таубай») пен Салтанат Бақаева («Айнагүл»), Азат Сейітметов («Жорабек»), Жанат Тиынбаев («Сергей») сияқты жас әртістер сомдап шықты.

Драма көлігімен жол бойында тұрған кісіні қағып кеткен жалғыз ұлдарын пара беріп соттан құтқармақ болған ерлі-зайыпты Сағила мен Таубай туралы. Онда бауыр еті баласы үшін тергеуші сұраған 100 мың долларды таба алмаған Сағила мүгедек күйеуі Таубаймен ажырасып, бір кездері соңынан қалмаған Жорабекке тұрмысқа шығуға мәжбүр болады. Ал мұндай ауыр соққыға шыдай алмаған отағасы үйінен безіп, «кезбеге» айналады.

Соңғы жаңалықтар