Жарияланды: 780

Алматыда "Тіл - мәдениет мұраларына бастар жол" атты республикалық байқау өтуде

Бүгін, 18-қыркүйекте Алматыда "Тіл - мәдениет мұраларына бастар жол" атты республикалық байқау өтуде. Жыл сайын 22-қыркүйекте атап өтілетін Халықаралық тілдер күні мерекесіне арналған бұл байқауды өткізуге ҚР мәдениет министрлігі мен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мұрындық болды. Байқауға тілдер күні мерекесі қарсаңында Республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өткізілген байқаулардың жеңімпаздары болып табылатын әр

ұлт өкілдерінен 15 адам қатысуда. Қазақ халқының тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгеру біліктілігін анықтау мақсатында 5 номинация бойынша өткізілетін бұл байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын насихаттау, халықтары арасында мәдени қорды байыту және толықтыру болып табылады. "Жүзім өзге болса да жүрегім бір", "Қанша тіл білсең, басқадан сонша кез биіксің" деген тәмсіл сөздерді алға тартып қазақ тілінде жаңылмай сөйлеп, қазақ әндерін құйқылжыта шырқаған әр ұлт жастары мемлекеттік тілге деген құрмет-ілтипатын осылайша білдірмек. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть