Алматыда «TURAN» фольклорлық-этнографиялық ансамблі шығармашылық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «TURAN» фольклорлық-этнографиялық ансамблі шығармашылық кездесу өткізеді

Алматыда «TURAN» фольклорлық-этнографиялық ансамблі шығармашылық кездесу өткізеді

Ертең, 23 желтоқсанда Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының кеңсесінде (Ганди көшесі 10) әлемнің көптеген елдерінен тыңдармандарды бағындырған «ТҰРАН» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің шығармашылық кездесуі өтеді.

  • 22 Желтоқсан 2021
  • 59
Фото - Caravan.kz

Кездесуде топ мүшелері «ТURAN» ансамбілінің қалай құрылғаны туралы әңгімелеп, шығармашылық жолындағы тәжірибелері жайлы айтады. Сонымен қатар әрі қарай даму және алдағы уақытта елде және шетелде өнер көрсетуге қатысты жоспарларын баяндайды. Оған қоса, ансамбль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «QAZAQ ELI» концертін береді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

«ТURAN» ұжымының тарихы 2008 жылы басталды. Бүгінде оның құрамында: Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Жанту Дадабаев секілді 5 музыкант бар. Олар ансамбльде жұмыс істеумен қатар өнертану магистрі және философия докторы атана жүріп, Құрманғазы атындағы консерваторияда және Т.Жүргенова атындағы өнер академиясында сабақ береді. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас музыканттардың шығармашылық идеяларын жүзеге асыру үшін грант бөліп, ұжымның қалыптасуында маңызды рөл атқарды.

Сыбызғы, шаңқобыз, саз-сырнай, шертер, жетіген, шіңкілдек, домбыра, қыл-қобыз сияқты көне аспаптардың дыбысталуының жаңа жолдары мен формаларын іздестіру, және көне күй өнерін жаңғырту – ансамбль құрудың негізгі идеясын қалыптастырды.

13 жыл ішінде ансамбль 600-ден астам жеке концертін беріп, бірегей шығармашылығымен әлемнің 70-тен астам елінде тыңдармандардың сүйіспеншілігіне бөленді.


Ансамбль Карнеги Холл (Нью-Йорк, АҚШ), Кеннеди орталығы (Вашингтон, АҚШ), «Концерт хаус» (Берлин, Германия), Кремль сарайы (Мәскеу, Ресей), «Конгресстер мен фестивальдер сарайы» (Канн, Франция), «Салле Корто» (Париж, Франция) т.б. секілді танымал концерт залдарында өнер көрсетті.

Жақында «ТURAN» ансамблі Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониядан бастау алып, Түркістан, Шымкент, Көкшетау, Петропавл, т.б. қалаларда жалғасқан «Folk & Symphony» концерттік турынан халықтың қошеметіне бөленіп оралды.

Туған қаласына оралған ансамбль достары мен жанкүйерлерін жинап, шығармашылық жолдағы 13 жылдық тәжірибесі және жетістіктері туралы айтып береді.

 

 

Соңғы жаңалықтар