Алматыда «Үміт» атты деректі-көркем фильмнің алғашқы көрсетілімі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Үміт» атты деректі-көркем фильмнің алғашқы көрсетілімі болды

Алматыда «Үміт» атты деректі-көркем фильмнің алғашқы көрсетілімі болды

Алматыда АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері бойынша жұртшылықтың білімін арттыруға және қоғамды АҚТҚ-мен ауыратындарға түсіністікпен қарауға шақыратын «Үміт» атты деректі-көркем фильмнің алғашқы көрсетілімі болды.

  • 30 Мамыр 2011
  • 653
Фото - Caravan.kz

Фильм «Шеврон» компаниясының және ЖҚТБ-ға, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі ғаламдық қордың қаржылануымен, «ЖҚТБ -ның алдын алу және онымен күрес жөніндегі республикалық орталықтың» көмегімен және «AURORA» қоғамдық қорының шығармашылық ұжымымен түсірілген.

Фильмде төрт түрлі оқиға көрсетілген. Деректі бөлімінде — күрделі ахуалды басынан кешкен және АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсетуді, әлеуметтік және басқа мәселелерді шешуді өзінің өмірлік бағыты етіп таңдаған адаммен болған сұхбат орын алған. Сонымен қатар фильм барысында АҚТҚ-ға шалдыққан адам ретінде үш кейіпкердің бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Фильм Тасболат Омаров, Елена Тайматова, Алексей Кащин, Әрсен Өмірзақов сынды кәсіби актерлердің қатысуымен түсірілген.

Фильмнің режиссері Рубен Казарянның айтуынша, оны түсірудегі негізгі мақсат — АҚТҚ мен ЖҚТБ індетіне шалдыққандарды қоғамнан аластатпай, оларға қол ұшын созуға шақыру. «Мұндай қасіретке тап болғандар қоғам тасасында жүріп, өздерінің аурулары жайын жасырып, туыстарына, жақындарына айтудан қорқады. Оның түбі көптеген қиындықтармен ұласып, өздерін жоғалтып алып жатады. Сондықтан осы фильм арқылы сондай індетті жұқтырғандар ештеңеден қымсынбай қажетті медициналық орталықтарға тексеріліп, қоғамдағы өз өмірлерін жалғастыра беруге шақырғымыз келді», -дейді Р.Казарян.

Ол қазіргі уақытта «Ел арна» мен «КТК» арналары бұл фильмді өз арналарынан көрсетуге уәде бергендігін айтады. Сондай-ақ фильм алдағы уақытта қазақ, ағылшын тілдеріне аударылып, елімізде және халықаралық ауқымда көрсетілетін болады.

«AURORA» ҚҚ-ның шығармашылық ұжымы он бес жылдан астам уақыт бойы авторлық, әлеуметтік, білім беретін бейнефильмдер мен бейнероликтер шығарумен айналысып келеді. 2009 жылы бұл ұжым «Өмірде өз орнын табу құқығы» жобасын бастаған. Бүгін осы жоба аясында республика жұртшылығы алдында мүгедектерге деген көзқарас және дін тұту мәселелеріне түсіністікпен қарауды қарастыратын «Сәлеметсізбе, бұл мен», және «Жолдар» атты екі фильмді түсірген болатын.

Соңғы жаңалықтар