Алматыда «Заманауи хореография кеші» өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Заманауи хореография кеші» өтеді

Алматыда «Заманауи хореография кеші» өтеді

29 мамыр күні Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен «Самұрық» би труппасының ұйымдастыруымен «Заманауи хореография кеші» өтеді.

  • 27 Мамыр 2011
  • 466
Фото - Caravan.kz

Кеш ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған. Концертте бидің бүгінгі заманғы түрлерімен жұмыс істейтін барлық қазақстандық хореограф-авангардтардың жұмыстары ұсынылатын болады. Кеште сонымен қатар, Вашингтонның «Сити дансе» тобы мен «Самұрық» би труппасының біріккен жобасы ұсынылады. Екі ел бишілерінің жобасы Қазақстан мен АҚШ Елшілігінің қолдауымен іске асқан. Қойылымды американың Кристофер Морган мен Пол Эмерсон есімді хореографтары қойған.

«Самұрық» би труппасы — еліміздегі тұңғыш авангард бағытында жұмыс істейтін кәсіби ұжым. Би тобы Германия, Түркия, Қытай, Ресей, Австрия сынды елдерде гастрольдік сапарда болып, заманауи би түрі бойынша халықаралық фестивальдерге қатысқан.

Соңғы жаңалықтар